Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өкпе жоқ": Мақсат Рахмет пен Ерген Айтымбетовтың ара-қатынасы қалай?

Опубликовано:

"Жұлдызды жекпе-жек" жобасының үшінші маусымында сынға түскен Мақсат Рахмет пен Ерген Айтымбетовтың бірге құшақтасып түскен суреті жарияланды. Аталмыш фото қос әншінің арасына жік салып, түрлі пікір жазған желі қолданушыларына жауап болған секілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өкпе жоқ
«Жұлдызды жекпе-жек».Ерген Айтымбетов, Мақсат Алмасбекұлы. Скриншот: www.youtube.com: Instagram

Өзіне қарсылас болған "Заман" тобының әншісімен түскен суретін Мақсат Алмасбекұлы Instagram парақшасына жүктеген.

Ол көпшілікті алаңдатқан жағдайға жауап ретінде арнайы жазба да қалдырыпты.

"Осы шақ! Бізде өкпе жоқ, тек қана бауыр!... Баршамызға Алла жар болсын!", - дейді "Алашұлы" тобының солисті суреттің анықтамасына.

Мұны көрген желі қолданушылары екеуіне де риза екендерін білдіріп, оң пікірлерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786905-kpe-zok-maksat-rahmet-pen-ergen-ajtymbetovty-ara-katynasy-kalaj/

pixel