Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин туған күнінде әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Опубликовано:

Осыдан бірнеше күн бұрын екінші рет әке атанған Нұрболат Абдуллин келіншегі мен қызын өз туған күнінде перзентханадан шығарып алды. Бұл жайында әншінің достары өз парақшаларында жарыса жариялауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі қызына Табиғат деп есім қойып, оның өкіл әкесі ретінде досы Нұржан Аташты сайлаған.

Ал кіндік анасы ретінде танымал журналист Марал Сатқанғалиеваны таңдаған.

Нұрболат Абдуллиннің қуанышына жақындары мен анасы, достары жиналды.

Ал кіндік әке атанған әншінің досы жүрекжарды сөздерін Instagram парақшасына жүктеді.

"Кіндік қызымды қолыма алғандағы сезімімді жеткізу мүмкін емес. Көріктімнің көрімдігін дайындай беріңіздер! Міне, менің Табиғатым", - деді Нұржан Аташ.

Естеріңізге сала кетейік, әнші наурыз айының 29-да екінші рет қызды болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786909-nrbolat-abdullin-tugan-kninde-jeli-men-kyzyn-perzenthanadan-sygaryp-aldy-foto-video/

pixel