Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"На зло" шығып алдым: Жанар Айжанова күйеуі туралы бар шындықты айтты (видео)

Опубликовано:

Отандық эстраданың жарық жұлдызы, халықтың еркесі Жанар Айжанова күйеуіне қатысты бар шындықты айтты. Әнші жеке өмірі жайлы "TalkLikе" бағдарламасында сыр шертті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Ашық әңгіме алаңына келген Жанар Айжанова күйеуге есеппен тұрмысқа шыққанын мойындады.

"Керек емес деп жүре берсем, жүре беруге болатын еді. Бірақ, бойдақ әйелдің есігін кім қақпайды? Барған жерде қисық-мисық күйеулерін қызғанып, аузы қисайып отырады.

"На зло" шығып алдым. Азаматым жаман емес. Қарадым, мен соқыр емеспін. Аузы күйген үрлеп ішеді дейді. Дені дұрыс, өзіме жар болатын, қызыма әке болатын адам.

Ол жағынан Құдай маған берді. Махаббат болды, әрине. Бірақ, бәрібір екіншісінде есеп болады ғой", -деді әнші.

Сондай-ақ, әнші жұбайы өзін қатты жақсы көретінін де түртіп өтті.

"Маған дейін жары болған жоқ. Мен дегенде ішкен асын жерге қояды. Оның көзқарасы бойынша, менен ақылды, менен әдемі, менен артық әйел жоқ", - дейді ол.

Отандық эстрада жұлдызы қазір төрт құбыласы тең екенін, сол үшін Аллаға алғыс айтып жүретінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786963-na-zlo-sygyp-aldym-zanar-ajzanova-kjeui-turaly-bar-syndykty-ajtty-video/

pixel