Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Африкадан да келеді: Димаш Құдайбергеннің концертіне кімдер билет алды?

Опубликовано:

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Димаш Құдайбергеннің биылғы жылдың шілде айында өтетін концертіне арналған баспасөз конференциясы өтті. Онда "Қазақстан" РТРК басқармасының төрағасы Ерлан Қарин әншінің концертіне билетті тіпті Африка елдерінің азаматтары да сатып алғандығын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: UGC

Белгілі болғандай концертке билет сатып алушылардың басым көпшілігі қазақстандықтар екен.

"Концертке билет сатып алушылардың ең көбі қазақстандықтар, одан кейін Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Түркия, Нидерланды, Румыния, Польша және тағы басқа елдер тұр. Ең алыс елдердің арасында Бразилия, Мексика, Африка, Канада, Австралия сынды мемлекеттер бар. Бүгіннің өзінде билеттердің 66%-ы, яғни 15156 билет сатылды", - деді басқарма басшысы.

Сонымен бірге, ол концерттерттің қалай өтетіні жайлы да сөз етті.

"Шоу кинетикалық стильде өтеді, оның әр образымен имиджмейкерлердің өзі айналысады. Әр номер – ортақ идеяны жеткізетін жеке оқиға, мини-спектакль десе болады. Қазіргі сәтте барлық техникалық жағдайлар, мультимедиялық шешімдер, сахнаның әрленуі, дыбыс пен жарық мәселесі шешілді. Енді декорация мен реквизит қарастырылып жатыр", - деді Ерлан Қарин.

Бүгінде арна басшылығы Димаштың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін деректі фильмді түсіріп жатқан көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786983-afrikadan-da-keledi-dimas-kdajbergenni-koncertine-kimder-bilet-aldy/

pixel