Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетімдер үйіне барған Төреғали Төреәлі көпшілікті тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі қайырымды іске уақыт бөліп, Қызылорда қаласындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бір күнін арнады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші бұл қадамы жайлы өзінің Instagram парақшасында жариялады. Ал Төреғали Төреәлінің әрекетіне сүйсінгендер желіде жылы лебіздерін қарша боратқан.

"Жарайсың, Төреғали", "Өте керемет", "Алланың нұры жаусын", "Өте сауапты іс істепсің", "Көзіме жас келді. Сені Алла желеп-жебеп жүрсін", "Негізі жиі-жиі барып тұрсаңдар керемет болар еді".

"Балалардың кішкене болсын көңілін көтеріп қойдың", "Сауапты істерің көп болсын", "Жетімдер жыламасын", "Туған жеріңе барып, игі іс жасапсың. Бақытты бол" деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлінің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1787508-zetimder-jine-bargan-tregali-treli-kpsilikti-tnti-etti-video/

pixel