Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кеудесін жалаңаштап танылған қазақстандық қыздар кімдер? (фото, видео)

Опубликовано:

Соңғы уақытта қазақ қыздарының жартылай жалаңаш суреттері әлеуметтік желі арқылы таралып, танымалдылыққа ие болып жатқаны жасырын емес. Олардың бірі хайп қуса, екіншілері суретінің желіге таралғанын білмей де қалған. KAZ.NUR.KZ кеудесін жалаңаштау арқылы танылған қыздардың тізімін ұсынады.

Шырын Нарчаева, Айжан Байзақова, Динагүл Тасова. Фото: Қыздардың жеке парақшасынан, alashainasy.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Шырын Нарчаева, Айжан Байзақова, Динагүл Тасова. Фото: Қыздардың жеке парақшасынан, alashainasy.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Олардың көшін осыдан бірнеше жыл бұрын елді өз әрекеттерімен шулатқан Айжан Байзақова бастап тұр.

Алайда атышулы ару бүгінгі таңда ана атанып, бір ұл сүйіп отыр.

Одан кейін Шырын Нарчаева есімді 18 жастағы ару да жалаңаш денесіне қазақтың ұлттық киімін киіп, жұртты дүр сілкіндірген болатын.

Тараздық ару осы ісінен кейін сынға ілігіп, бірнеше отандық бағдарламаларға шақырылды. Тіпті отандық топтың клипіне де түсіп үлгерді.

Сондай-ақ Динагүл Тасова есімді астаналық экс-депутат қыз да сән әлемінде кеудесін жалаңаштап шықты.

Алайда Нұр-Сұлтандық ару өзінің суретті желіге таралып кеткенін білмеген.

Сән әлеміндегі фотоларын белгісіз біреулер желіге жүктегеннен кейін бойжеткеннің өмірінде келеңсіз жайттар орын алған.

Тіпті бойжеткенге сүйіктісі қол көтеріп, кемсіткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1787784-keudesin-zalaastap-tanylgan-kazakstandyk-kyzdar-kimder-foto-video/

pixel