Бет-аузы көгеріп, қан болған Жұлдыз Өмірғали жұртты шошытты
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде бет-аузы көгеріп, киіміне қан жұққан Жұлдыз Өмірғалидың видеосы тарап кетті. Жұртты шошытқан видеоны Айқын Төлепбергеннің жұбайы көпшілікке түсіндіріп берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Кешьюдің" бұрынғы әншісі Instagram парақшасында бұл видеоның фильм барысында түсірілгенін жеткізді.
"Сонымен бітті. Салтанат өлді. Шынымды айтсам, Салтанатты өзім аяп кеттім. Өмірде де қаншама жандар бар, шынымен осылай қиналып жүрген. Күйеуі ұрып соғып, өмір сүргізбейтіндер. Ондай адамнан қашу керек сияқты. Бала - шағаңды алып, аулаққа. Өз өміріңді, балаларыңнын өмірін құртпай. W/p-тан жіберген видео ғой", - деп жазды Жұлдыз Өмірғали.
Ал желі қолданушылары әншінің бұл образын қызу талқыға салған. Олардың бірі Жұлдыз Өмірғалидің сериалдағы образы екенін білсе, екіншілері жұбайы қол көтерді деп ойлаған.
"Сіз өз рөліңізді керемет ойнап шықтыңыз", "Айқын ұрып тастаған ба деп қалдым", "Сіздің бұл рөліңізді көру қиынғы соқты. Соңына дейін тірілетін шығар деп күттім", "Кино екен ғой. Мен шын өмірде осы таяқты жеті жылдан бері жеп келем. Тек балаларым үшін шыдап жүрмін".
"Өмірде осылай қанша қыз қор болып жүр", "Айқын Төлепберген сізді ұрды ма?", "Видеоны көріп, шошып кеттім", "Тіліңнен тапқан шығарсың, таяқты", "Мынаны көріп, адам бірден жаман ойлайды екен. Айқын ұрды деп ойладым", "Сізді біреулер ұрып кетті ма деп қалдым", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1788006-bet-auzy-kgerip-kan-bolgan-zldyz-mirgali-zrtty-sosytty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.