Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бойымен бірдей жайын ұстаған Айқын желіде хит болды (фото, видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде балық аулап, олжаға кенелгенін көрсеткен Айқын қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары өзінің бойымен шамалас жайынды ұстаған әншіге қызығып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші өзінің Instagram парақшасында Іле өзеніне барып, 5 минутта бес балық ұстағанын мақтанышпен айтқан.

Сондай-ақ Айқын өзінің бір күнде бес сазан мен бір үлкен жайынды және екі балықты қармағына түсіргенін жеткізді.

Ал желі қолданушылары демалысын табиғатта өткізген әншіге жарыса пікір білдіріп, қызығушылық танытқан.

"Қай жерде балық аулап жүрсіз?", "Өте керемет", "Демалыс жақсы өтсін", "Уақытты осылай өткізгенге не жетсін", "Қазір балық аулауға рұқсат бар ма?".
"Мынадай үлкен балықты қалай қайтадан суға жібере салдыңыз?", "Балықты көріп, ауылымды сағынып кеттім ғой", "Ұстап алғаннан кейін, балықты бекер бостандыққа жібергенсіз. Желбезегі қайырылған балық бәрібір өліп қалады".
"Үлкен балықты алғаш рет көріп тұрмын", "Қазір балық аулауға болмайды ғой", "Маусым айында балық аулауға болады" деп пікір қалдырды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1788077-bojymen-birdej-zajyn-stagan-ajkyn-zelide-hit-boldy-foto-video/

pixel