Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйекке таңба": Дана Нұржігіт жас қыздың тағдырымен ойнаған әріптестеріне шүйлікті

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын отандық бағдарламаға келіп, пәктігін екі млн теңгеге саудалаған 19 жастағы ару мен оны бағдарламаға шақырған әріптестерін танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Нұржігіт, Айнұр Жәнібекова. Фото: Тележүргізушінің жеке парақшасы, 7 арна. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Дана Нұржігіт, Айнұр Жәнібекова. Фото: Тележүргізушінің жеке парақшасы, 7 арна. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Тележүргізушінің айтуынша, бойжеткеннің де, бағдарлама жүргізушілерінің де таңдау еркі болған.

"Нұрболхан Шараповтың парақшасынан Айнұр Жәнібекованың әңгімесін тыңдадым. "Өз ойымда" "пәктігін саудаға салған" кейіпкер. Арзан атақ іздеген қызды хабар авторлары шақырып, аузына сөз салып берсе, сонысын мойындап бағдарламаның "ішкі кухнясын" ашу керек. Өйткені, бұл бір адамның тағдыры.
Мұндай технологияларды білмейді емес, білеміз. Мәселе, соған бару немесе бармауда. Арды аттамауда. Ал мына жағдайда хабар авторлары қыздың пәктігін таптап, ертеңіне тастап кететін жігітсымақтардан қай жері артық?! Бұл қыздың тағдыры ғана емес, сүйекке таңба! Ұлтқа сын", - деп жазды Дана Нұржігіт Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, отандық бағдарламаға келген ару пәктігін екі млн теңгеге бағалаған болатын. Бойжеткен тапқан ақшасына оқуының ақысын төлеп, қайтадан жасанды пәктік салдырмақ болған.

Алайда бойжеткен танымал әзілкешпен сұқбат барысында ол бағдарламада тек рөл ойнағанын мойындаған.

Кейін танымал әзілкеш аруды оқу орнынан шығарып жібергенін де мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1788197-sjekke-taba-dana-nrzigit-zas-kyzdy-tagdyrymen-ojnagan-riptesterine-sjlikti/

pixel