Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анджелина Джоли мен Брэд Питт ресми түрде ажырасты

Опубликовано:

Брэд Питт пен Анджелина Джоли ресми түрде ажырасты. Бір мәмлеге келе алмай сот табалдырығын үш жыл бойы тоздырған жұлдызды жұптың ажырасу эпопеясы өткен жұмада, 12 сәуір күні соңына жетті. Сот әйгілі актерлерге ажырасуды растайтын құжаттарды табыстаған деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: spletnik.ru
Фото: spletnik.ru: Facebook

Үш жыл бойы тек сот қабырғасында көрісіп жүрген бұрынғы ғашықтар енді ресми түрді ерлі-зайыптылар емес.

Анджелина Джоли мен Брэд Питт балалар қамқорлығы мен ортақ меншікті бөлу жөніндегі келісімге қол қойған.

Фото: starhit.ru
Фото: starhit.ru: Facebook

Жұлдызды жұп жеті жасар Мэддокс, 15 жасар Пакс, 14 жасар Захара, 12 жасар Шайло мен он жасар Вивьен мен Ноксты тәрбиелеуде. Балалар келісімге сәйкес анасымен тұратын болады.

Анджелина мен Брэдтің ажырасуы туралы ақпарат алғаш рет 2016 жылы пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1788861-andzelina-dzoli-men-bred-pitt-resmi-trde-azyrasty/

pixel