Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал әнші бір клипке түсу үшін 2445 рет суретке түскен (видео)

Опубликовано:

Отандық әнші Дана Кентай NURTV.KZ-тің "Клип Show" бағдарламасында бір клипке түсу үшін 2445 рет суретке түскенін ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі суреттерден құралған клипті жарыққа шығару үшін 15 күнін сарп еткен.

"Мен 15 күндей күнде таңғы сағат 10:00-ден түнгі 02:00-ге дейін телефонмен суретке түсіп жаттым. Енді өте қиын. Телефонға қарап, ән салатын жерім бар ғой. Суреттер бір-біріне жалғанбай қалатындықтан, қозғалмай жатуға тырысасың.
Әріптестер, өнердегілер түсінеді ғой. Ал қарапайым адамдар түсінбей қалған сияқты. "Ауыздары дұрыс келмейді", "Дірілдеп жатыр" деп олар түсінбей қалды. Менің өзіме 15 күн кетті. Кішігірім заттарға бес-алты күндей кетті. Клипті жасаған адам екі айдай уақыт кеткенін айтты", - деп ағынан жарылды Дана Кентай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1790386-dana-kentaj-bir-klipke-tsu-sin-2445-ret-suretke-tsken-video/

pixel