Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жыры да қалмады": Нұржан Керменбаев Жанарға қатысты жауап берді

Опубликовано:

Нұржан Керменбаев "Арнау" тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитова жайлы сұрақтарға жауап берді. Өнер иесінің айтуынша, Жанар екеуінің көріспегеніне біраз жыл болған және олардың махаббат хикаясы баяғыда "жырланып біткен" деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram
Фото: instagram: UGC

Әнші НТК арнасының Ревью бағдарламасына берген сұқбатында Жанар топтан кеткелі бері араласпағандарын айтты.

"Жанармен сол кезден бастап көріспедік десем болады. Біраз нәрсе өзгерді. Ол кісі өнер әлемінен кетті. Оның қазір жырлай беретін жыры да қалмады негізі. Егер жыры болатын болса, жырлайтын едім", - деп жауап берді жұлдыз.

Айта келейік, Жанар Хамитова өз кезегінде Нұржан Керменбевпен қайта жұп болып сахнаға шығуаға қарсы емес екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1790566-zyry-da-kalmady-nrzan-kermenbaev-zanarga-katysty-zauap-berdi/

pixel