Қарызға белшесінен батқан танымал әншілер несиеден құтыла алмай жүр

Опубликовано:

"Азия" мен "Бақайдың" орындауындағы "Опмай-Опмай" әні көпшіліктің көңілінен шығып, бірден хит атанды. Алайда қаралымнан түскен қаржы әншілердің жағдайын жақсартпаған. Қарызға белшесінен батқан танымал әншілер өздері құтыла алмай жүрген кредитке арнап бейнебаян шығаратындарын сөз етті деп хабарлайды Ревью бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: mp3-kz.ru, "Бақай" мен "Азия" тобы
Фото: mp3-kz.ru, "Бақай" мен "Азия" тобы: UGC
"Бәріміздің басымызда кредит бар. Ең көбі менде. Қазіргі таңда кредит болмаса, баспана ала алмайсың. Кредитті төлейтін кезде қиналып қаламыз енді. Сол үшін де осы ән шыққан шығар. Іштен шыққан дүние", - дейді "Азия" тобының әншісі Ринат Баситов.

Жігіттердің айтуынша, олар қоғамдағы түйіткілді мәселені көтеріп, маңызды дүниені әнге қосқан.

"Бұл жолы қоғамда болып жатқан қасіретті өлең арқылы жеткізуге тырыстық. Қазіргі таңда барлығының басында кредит бар. Енді "Опмай"-дан кейін барлығы "Азия"мен "Бақайдан" тағы бір дуэт күтуде. Көпшіліктің сұрауы бойынша тағы бір бейнебаян түсіріп жатырмыз. Өлеңнің аты "Атың өшкір кредит"", - дейді әАзия" тобының мүшесі Ербол Шарипов.

Жігіттердің сөзінше, бейнебаян қарызға белшесінен батқандардың ауыр күйін суреттейді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1790576-karyzga-belsesinen-batkan-tanymal-nsiler-nesieden-ktyla-almaj-zr/