Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат Әділгерей президент болды": Әзілкештің жұбайы жұртты күлдіртті

Опубликовано:

Танымал әзілкеш, тележүргізуші Қайрат Әділгерейдің жұбайы Бақыт Тұрман желіге әзілге толы сурет пен видео жариялады. Әнші бұл әрекетімен балаларының реакциясын байқамақ болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: juldyz.kz
Көрнекі фото: juldyz.kz: Facebook

Өмірде бәрі мүмкін екенін айтқан Бақыт Тұрман жұбайының суретіне "Домбаев Қайрат Әділгерейұлы Қазақстан Республикасы президенті болып тағайындалды" деген жазу жазған. Осылайша, ол үйдегі бүлдіршіндерінің реакциясын көргісі келген екен.

"Президент әлі кім болатыны белгісіз болған уақытта отбасы ішінде балалардың реакциясын көрейін деп осындай әзіл сурет жасағанмын. Өтті.

Енді бүгінгі Украина мемлекетінің "xайп" сайлаулары, "өмірде бәрі мүмкін" немесе "демократия деп осыны айт" дегенге әкеліп тұр ғой.

Ал бізде "армандапсың ақ тоқты" дегені белгілі. Ең бастысы, балаларым бір мезетке сенді және бір көңіл көтеріп алдық.
Фотоны көшіруге қатаң тыйым салынады, кұрсын сотталып кетіп жүрерміз. ️Зеленскийде бір дұрыс фото да жоқ екен, бізде тым болмаса сәйкес келетін фото бар",-деп жазған ол.

Бұл жазбаны көрген желі қолданушылары әбден күлкіге қарық болған.

"Таңертеңнен бастап көңіл-күйді көтердіңіз", "Қайрақам лайықты", "Әзіл ғой, неге сөгесіздер", "Әртіс десе, әртіссіз ғой", "Уақытша қуанышыңыз құтты болсын"- деп жазған олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1790620-kajrat-dilgerej-prezident-boldy-otandyk-zilkesti-zbajy-zrtty-kldirtti/

pixel