Анна Данченко келін атанды (фото)
Жарияланған күні:
Танымал отандық тележүргізуші Анна Данченко келін атанды. Қуанышты хабарды алғашқы болып әнші Абай Бегей хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Абай Бегей өзінің Instagram парақшасында Анна Данченконы келін атануымен құттықтап, көпшілікке тележүргізушінің жеке өміріндегі жаңалықпен бөлісті.
"Анна келін бұйыртса орамалыңыз құтты болсын! Енді қайнағаңызға сәлем салатын болдыңыз. Қазақ келін. Кімге деп ойлайсыздар?" , - деп тұспалдап жазған әнші.
Желі қолданушылары әртістің бұл жазбасынан кейін Данченконы оның туысына тұрмысқа шыққалы жатқанын болжаған.
"Міне жаңалық" , "Кімге, қай елге келін болды? Қазаққа шықса қуанатын едік" ,"Анна қыз бақытты болуға лайық. Барған жерінде бағы ашылсын" , "Қазақша сайрап тұрған, қазақилығы аңқып тұрған Анна бақытты бол" , Құтты болсын, Бегей руына шығып жатыр ма?" , "Абай Бегейге келін болғаныңыз ба?" ,"Күйеужігіт қазақ екен ғой", "Орамалыңыз құтты бослын" , "Жаңалықтарды Аннадан естуші едік. Бірақ Аннанның өз өмірінің жаңалығын Абайдан естіген бір түрлі екен" , - деп жазуда желідегілер.
Бұл жаңалыққа қатысты Анна Данченко әзірге тіс жармаған. Тележүргізушінің жеке парақшасында оның тұрмысқа шыққан жайлы мәлімет жоқ.
Алайда, шоу-бизнес өкілдері мен желі қолданушылары оны жарыса құттықтап жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1790788-anna-dancenko-kelin-atandy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.