Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен жұлдызбын": Роза Рымбаева марқұм күйеуі туралы сырын ақтарды (видео)

Опубликовано:

Роза Рымбаева марқұм күйеуі әнші жұбайының танымалдылығына қандай көзқараста болғанын айтты. Эстраданың жарқын жұлдызы өзінің өнер жолында ең басты қолдаушысы жолдасы болғанын жасырмады. Әнші сүйіктісі туралы жан сырын ақтарып, жеке өмірі жайлы бұрын-соңды айтпаған жайттармен бөлісті деп жазады "Talk Like" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Twitter

Роза Рымбаева марқұм күйеуі туралы айтып, өздерінің жастық шағын еске алды.

"Бала-шағамды қалай асыраймын, болашағым не болады деген сұрақтарды өзіме Тасқын кеткеннен кейін, қоя бастадым. Тасқынның өзі қалжыңдап айтатын: "Халық әртісінің күйеуі болу - оңай жұмыс емес" деп.

Ол кезде еркелік те, жастық та болды. Көп дүниені түсіне бермей, тек қана "Бәрі менікі болу керек. Себебі, мен жұлдызбын" деген еркелік те болды. Оның үстіне, менің жан жарым Тасқын мені бірінші күннен бастап, алақанына ұстап, төбесіне көтерді.

Екеуміз сондай өмір сүрдік. Сондықтан мен өмірімді Тасқынға дейін, Тасқыннан кейін деген екі кезеңге бөлемін.

Екіншісі ауырлау. Басқа адамға айналып кеттім. Басқа адам, басқа ана. Еркелеп жүрген бұрынғы Роза Рымбаева емес.

Сол өмірмен келе жатқаныма 20 жылдың жүзі болды. Еркелейтін жеке басымда жақын адамым жоқ" , - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791149-men-zkldyzbyn-roza-rymbaeva-markm-kjeui-turaly-syryn-aktardy-video/

pixel