Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сахнадан көрінбей кеткен Жанар Хамитова жаңа фотосессиясымен жұртты қуантты (фото)

Опубликовано:

Осыдан аз уақыт бұрын қиыншылыққа толы тағдырын баяндап, 11 жыл бойы сахнадан көрінбей кеткен Жанар Хамитова жаңа фотосессия жасады. Желі қолданушылары Сиви Махмуди қамқорлығына алған әншінің құлпыра түскенін жарыса жазуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жанар Хамитова өмірінде орын алған оң өзгерістерді желі қолданушыларымен жиі-жиі бөлісуде.

Ал желідегілер өмірін жаңадан бастаған әншіге тек жақсылық тілейтінін жарыса жазды.

"Жарайсыз", "Еңсеңізді көтеретін уақыт келді", "Жанар сен үшін қуаныштымын", "Қайта оралуыңызбен", "Құлпырып кетіпсіз", "Алланың қалауымен елге жеттің. Енді өз-өзіңді қолға ал".
"Аяқтан тұрып кеткеніңе қуанып отырмын", "Енді балаларыңды өз жаныңа алшы", "Сізге өз-өзіңізді ұстауды үйрену керек. Бағдарламадағы өз-өзіңізді ұстауыңыз ұнамады", "Адам көркі шүберек деген рас екен. Әп-сәтте өзгеріп кеттіңіз" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 14 жыл бұрын "Superstar.kz" байқауында финалист атанып, "Арнау" тобының мүшесі болған Жанар Хамитова сахнадан алыстап кеткен еді.

Әнші араға 11 жыл салып алғаш рет "КТК" арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бой көрсетіп, жеке өміріне қатысты құпияның бетін ашқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791235-sahnadan-krinbej-ketken-zanar-hamitova-zaa-fotosessiasymen-zrtty-kuantty-foto/