Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағасына 100 мың теңге бермей қойған Азамат Сатыбалды өзегін өртеген өкінішін айтты

Опубликовано:

Азамат Сатыбалды туған ағасына 100 мың теңге қарызға бермей қойған күнін өкінішпен еске алды. Актердің бауыры осы оқиғадан бес күн өткенде жол апатынан қайтыс болған деп жазады "Хабар" арнасының "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Актер әлі күнге дейін 100 мың теңгені бауырының қолына ұстатпағанына қынжылатынын, ағасын ойлаған сайын көзіне жас алатынын жасырмады.

"Үш жылдан бері "Родной" деген фильмнің сценарийін жазып біттім. Маған бұл идея қалай келді? Менің туған ағам болды. Кезінде менен 100 мың теңге сұрады. Менде ақша болды. Бере салуыма болатын еді. Бірақ отбасымдағы әкеміз бар, бауырларымыз бар "Бермей-ақ қойсайшы. Ертең іріткі болады. Ол ертең саған қайтармай қояды. Туған ағаңмен ұрысып қаласыңдар. Болмайды ғой. Бермей-ақ қой" деді. Мен соны тыңдап, берген жоқпын.
Ағам бес күннен кейін жол апатына түсіп, қайтыс болып кетті. Сол нәрсе әлі күнге дейін менің жүрегімде тұрады. Әлі күнге түсіме кіреді. Әлі күнге дейін ағамды еске алғанда, көзіме жас келеді. "Неге сол құрып кеткір 100 мың теңгені бере салмадым? Сол 100 мыңды бергенде, мүмкін қайтыс болмас па еді? Неге сол сәтті мен бағаламадым? Неге бауырымды бағаламадым?" деген ой әлі күнге мені қынжылтады.
Мен сол бағытта "Родной" деген бағытта сценарий жаздырттым. Екі бауыр туралы. Бір сәтте жоғалтып алып, кейін қайтару үшін өмір бойы еңбек еткен", - дейді актер.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Азамат Сатыбалды әйелі Назгүл Қарабалинаның өзі үшін мансабын тоқтатып, үй шаруасымен айналысқан кездерін айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791272-agasyna-100-my-tege-bermej-kojgan-azamat-satybaldy-zegin-rtegen-kinisin-ajtty/

pixel