Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рух береді": Әзімбек Байлин нағыз жігіттерге арналған ән шығарды (видео)

Опубликовано:

Елімізге белгілі "Алашұлы" тобының солисті Әзімбек Байлин өзінің жеке шығармашылығын дамытып, тыңдармандарын қуантып жатыр. Осыған дейін лирикалық бағыттағы әндерімен көптің көңілінен шыққан ол осы жолы нағыз жігіттерге арналған әнін тарту етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әзімбек Байлин "Қазақша күрес" деп аталатын әнін тыңдарман қауымға ұсынды.

"Боз кілемде белдесетін балуандарға ғана емес, бойында жігер оты жалындап, намысы тулаған әр қазақ баласына дем мен бойға қуат беретін рухты ән! Тыңдап бағасын беріңіздер", - деп жазды ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

"Алашұлы" әншісінің жаңа туындысы желі қолданушыларының көңілінен шықса керек, олар жағымды пікірлерін жаудыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791375-ruh-beredi-zimbek-bajlin-nagyz-zigitterge-arnalgan-n-sygardy-video/

pixel