Димаш Ержан Максимге: Бірінші орынды қызға бере салғаның дұрыс болды

Опубликовано:

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Голос.Дети" байқауында екінші орын алған Ержан Максимге ақ тілегін арнады. Талантымен әлемді тамсандырған әнші жас өнерпаздың нағыз жеңімпаз екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев, Instagram
Фото: Sputnik / Владислав Воднев, Instagram: Facebook

Бұл туралы Димаш өз Instagram парақшасында жазды.

"Бауырсақ бала! Сенің финалда көрсеткен өнеріңді тамашалап шықтым. Қазағымның бағына біткен баласың. Жеңісің құтты болсын, Ержантай! Алар асуларың көп болсын. 100 млн нан астам халықтың арасынан 2 - орын алу деген өте үлкен жетістік. Бірінші орынды қыз балаға жігіттік танытып бере салғаның да дұрыс болды. Нағыз джентельмен сондай болады! Барлық қатысқан бүлдіршіндерді құттықтаймын. Бірақ мен үшін Ержантай жеңімпаз!",- деді ол.

Жазбаны оқыған желі қолданушылары кішкентай бүлдіршінді қолдаған Димаш Құдайбергенге алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791614-dimas-erzan-maksimge-birinsi-oryndy-kyz-balaga-bere-salgany-drys-boldy/