Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

500 доллар: Роза Рымбаева ең арзан көйлегі қанша тұратынын айтты (видео)

Опубликовано:

Отандық эстраданың жарық жұлдызы, халық әртісі Роза Рымбаева ең арзан көйлегі қанша тұратынын айтты. Бұл туралы ол Аман Тасығанның TalkLike жобасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ TalkLike
Фото: Видеодан кадр/ TalkLike: Facebook

Әншінің жарасымды киімдері туралы айтқан Аман Тасыған одан ең арзан және ең қымбат көйлегінің бағасын сұрады.

"400-500 доллар шығар. 5000 долларлық көйлегім болған. Қазір ол көйлек ескірді. 3000-2000 үйреншікті баға. Ол көйлекпен шығасың, сені миллиондаған халық, көрермен тыңдайды, бағалайды, көреді. Сондықтан, сахнада үлкен талғаммен киіну керек деп санаймын. Сахнада әдемі киіну керек",- деді әнші.

Оған қоса, Рымбаева жарасымды талғамға оқудың әсері бар екенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791720-500-dollar-roza-rymbaeva-e-arzan-kjlegi-kansa-tratynyn-ajtty/

pixel