Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашық-шашық киінетін қазақстандық қызды қолдаған Сәдуақасова жұрттан сөз естіді

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова өзге елде жұлдызы жанған өнерлі отандастарын қолдауды жалғастыруда. Жақында Ержан Максимді жақтап жазба қалдырған ол, бұл жолы "Песни" жобасында "Say Mo" лақап атымен ән айтатын қазақстандық қызды мақтады. Алайда, эстрада әншісінің сахнаға ашық образбен шығатын аруға қолдау білдіргені көпке жақпай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сәдуақасова ресейлік музыкалық жобада бақ сынап жатқан бойжеткенді қолдаймын деп елдің сөз естіген. Мөлдір есімді жас әншінің өнер көрсетуінен үзіндіні ол өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

"Өте қуаныштымын сен үшін, Молли! Мына қыз кімнің есінде? Алға Say Mo" , - деп жазған әнші.

Алайда, өнер иесінің бұл әрекеті желі қолданушылардың көңілінен шықпаған. Олар Тимати мен Баста сынды әншілердің алдында санын жалтыратып шыққан аруға қолдау көрсеткен Сәдуақасоваға шүйлікті.

Көпшілік "Моллидің" ашық образын сынға алған.

"Тыржалаңаш шығып, не айтты мына қыз? Несіне ризасыз Мадина?" , "Тиматидің алдына санын жалтыратып шыққан қызды неге қолдайсыз? Түк түсінсем бұйырмасын" ,"Мадина ханым біреуге қолдау білдірер алдында, оның парақшасын қарап шықпайсыз ба? Ең болмағанда не ән айтып жатқанын тыңдадыңыз ба? Кімді дәріптеп жатқаныңызды ойланғаныңыз дұрыс" , "Осы қызды қолдап, қолпаштап жатқаныңызға таңым бар" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791831-asyk-sasyk-kiinetin-kazak-kyzyn-koldagan-mdina-sduakasova-zrttan-sz-estidi/

pixel