Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлінің ұлына еліміздің бас мүфтиі азан шақырып, есім қойды (видео)

Опубликовано:

Төртінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі атұстарына еліміздің бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз азан шақырып, ат қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші бұл сәтті ұлына арналған жаңа әнімен әсемдеп, Instagram парақшасына салып қойған.

"Бас мүфти Хазірет Серікбай қажы Сатыбалдыұлына Алла разы болсын", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, үш қыздан кейін өмірге келген атұстарына әнші Төренұр деп есім берген.

Желі қолданушылары әншінің ұлына құтты болсын айтып, жарыса жақсы тілектерін жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Қандай керемет", "Алла ғұмырлы етсін", "Әкесі сияқты елге үлгілі азамат болсын", "Құтты болсын. Ұлдың аты ұл ғой шіркін қашанда", "Артынан інілері ере берсін".
"Керемет", "Көз қуаныштарың болып жүре берсін", "Ата-анасының атын шығарар азамат болсын", "Атқамінердің бауы берік болсын" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының басында ұлды болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791836-tregali-trelini-lyna-bas-mfti-azan-sakyryp-at-kojdy-video/

pixel