Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айналайын": Валерий Меладзе шәкірті болған Ержан үшін қазақша сөйлеген

Опубликовано:

Ресейлік әйгілі әнші Валерий Меладзе "Голос. Дети" байқауында Ержан Максим үшін қазақша сөйлеген. Бұл жайында жас таланттың анасы Гүлмира Әлібек "Talk Like" бағдарламасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жоба барысында ресейлік жұлдыздың өзі Ержан Максим тек қазақша сөйлейтіндіктен, онымен жұмыс істеу қиындау екенін айтқан.

Жас баланың бойынан талантты байқаған Меладзе онымен қазақша сөйлесіп, "айналайын", әқайырлы күн", "қасыма отыр" деген секілді сөздерді айтуға тырысқан.

"Меладзенің қазақша сөйлейтін кезі де бар, видеодан байқаған болсаңыздар. Валерий Меладзе Ержанды жанына шақырып алып, "Кел қасыма отыр, айналайын" депті. Бағдарлама эфирінде тек "айналайын" дегені ғана естіліп қалыпты.
Ал жеке студиясында бізден "Қайырлы күн - это добрый день?" деп сұрайтын. Мен таңғалып, ол кісінің қазақ тілін қайдан үйренгенін сұрадым. "Маған Батырхан үйретті" деп жауап берді", - дейді Гүлмира Әлібек. 

Еске сала кетейік, "Голос. Дети" музыкалық жобасында әншіАлсудың қызы жеңіп кеткені желіде үлкен дауға ұласты. Көпшілік нағыз жеңімпаз деп қазақстандық Ержан Максимді атады.

Тіпті, бірқатар ресейлік жұлдыздар жеңіс қазақ баласына тиесілі болу керектігін баса айтқан.

Отандық шоу-бизнес өкілдері де Ержанға қатысты әділетсіздік орын алғанын мәлімдеп, оған барынша қолдау білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1792135-ajnalajyn-valerij-meladze-skirti-bolgan-erzan-sin-kazaksa-sjlegen/

pixel