Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі 18 жасқа толған қарындасын ерекше құттықтады

Опубликовано:

18 жасқа толған қарындасын ерекше жыр жолдарымен құттықтаған Төреғали Төреәлі желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қарындасының бір тал шашы үшін, бір қабырғасын сөгіп беруге дайын әншінің сөздері жұртты бей-жай қалдымады.

"Фаризам - айым, күнім, жаным - жаным, Ағаңның ақ тілегін қабылдағын. 18-ге 18 мың ғаламдағы Жақсылықтың тілеймін бәрін - бәрін.
Тілеймін, ата - анамыз аман болып, Тілеймін, жандарының ауырмауын. Тілеймін, шарайнаңның шағылмауын, Тілеймін, шын бақытың табылғанын! Тілеймін, аяулы өмір, баянды бақ
Шаңырағымыздан шаттықтың арылмауын. Бұрымдым, бір тал қара шашың үшін Бір талын сөгіп берем қабырғаның. Білімдім, Аллам бізге ғұмыр берсін Мен сенің әрқашанда жаныңдамын", - деп жазды Төреғали Төреәлі.

Көпшілік әншінің кәмелет жасына толған қарындасына арнаған өлеңін оқып, көңілі босағанын жасырмаған.

"Қандай керемет жыр жолдары", "Ағалық сөздері қандай?!", "Тамаша тілек", "Қарындасыңыз бақытты болсын", "Ағасы бардың жағасы бар деген осы".
"Көзіме жас алдым", "Осындай ағасы бар бақыттысың", "Фаризаның туған күні құтты болсын", "Төреғали ағалардың төресі екен. Қазір қарындасқа қамқор болатын туғандар өте аз", "Қарындасыңыздың ғұмыры ұзақ болсын" деп желідегілер де өз тілектестігін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Төреғали Төреәлі атұстарының бесік тойы мен қызының тұсаукесерін қатар өткізген болатын.

Сондай-ақ кеш барысында әнші ата-анасына Грузия еліне жолдама сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1792356-tregali-treli-18-zaska-tolgan-karyndasyn-erekse-kttyktady/

pixel