Назима мен рэпер қыз Ресей сахнасына қазақтың ұлттық оюын алып шықты (видео)

Опубликовано:

"Песни" бағдарламасында бақ сынап жатқан Say Mo алғашқы концертте Black Star лейблінің мүшесі Назимамен өнер көрсетті. "Не говори" әнін орындаған қазақ қыздары сахнаға ұлттық оюды алып шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ Видеодан кадр
Фото: Instagram/ Видеодан кадр: Twitter

Бұл ақпаратпен Тиматидің тобында өнер көрсететін Say Mo бөлісті. Ол өз Instagram желісінде тыңдармандарына "Ал сіздер біз өнер көрсеткенде ұлттық өрнектерді байқадыңыздар ма?" деген сұрақ қойды.

Осылайша, отандық әнші қазақтың ұлттық оюларын қойылымның қай тұсында байқау қажеттігін көрсетті. Сондай-ақ, ол дайындық кезіндегі бейнежазба үзінділерін де жариялады.

Айта кетейік, "Песни" жобасында бірге ән шырқаған Say Mo мен Назима ресейліктерді таңдай қақтырды. Қос қазақ қызы өнер көрсетер алдында үлкен экранда "Қазақстан" жазуы көрінді. Желі қолданушылары оны таланттары көп елге көрсетілген құрметке теңеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1792748-nazima-men-reper-kyz-resej-sahnasyna-kazakty-lttyk-ouyn-alyp-sykty-video/