Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркебұлан Дайыров екінші қыз баланың әкесі атанды (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал актер Еркебұлан Дайыров екінші рет әке атанды. Кино және театр саласының жұлдызы қызды болған. Бұл туралы актердің өзі әлеуметтік желіде хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Екі қыздың әкесі атанған актер қуанышты хабарын өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Еркебұлан Дайыров көпшіліктен сүйінші сұрап, сүйікті жарына алғыс білдірген.

"Аллаға шүкір, екінші мәрте ата-ана атандық. Барша тілекші болған жандарға, алғысым шексіз. Жарадың жаным! Еркең енді екі қыздың әкесі. Тәубә" , - деп жазған ол.

Актердің қызды болғанын естіген желідегілер құтты болсын айтып, оған ақ тілегін жаудырды. Құттықтаушылар арасында Дайыровтың Ақан Сатаев, Нұртас Адамбай, Дәурен Айдарқұлов пен Артұр Төлепов сынды жұлдызды әріптестері де бар.

Желі қолданушылар актерге енді екі қыздың соң ұлды болуын тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1792809-erkeblan-dajyrov-ekinsi-kyz-balany-kesi-atandy-foto/

pixel