Бидің түбін түсірген Тоқтар Серіков желіде қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Желіде Тоқтар Серіковтың тойда жандыра билеп жатқан видеосы тарап кетті. Желідегілер әдетте, өзін салмақты ұстайтын әншінің мұндай қылық танытқанына қатты таңғалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Instagram желісінде жарияланған бейнежазбада Тоқтар Серіковтың той қонақтары арасында секіріп билегені көрініс тапты.

Көпшілік видеоға қарап отандық жұлдыздың жақсы көңіл-күймен жүргенін болжады.

Желі қолданушылардың бірі әншінің биіне тәнті болса, енді бірі керісінше оның қылығын ерсі санаған.

"Адамдарды қартайғанда жын ұрады-ау. Жасына сай іс істеу қартайған шақта қиынға осғады екен" , "Кім не десе де, әдемі-ақ" , "Жасына сай емес дейтіндей ақсақал емес қой. Жап-жас жігіт әлі, өзіне жарасып-ақ тұр" , "Жылқыша тебінді ғой" , "Керемет, тамаша. Олар да адам баласы ғой. Кейде осылай көңіл көтерген де дұрыс" , "Тоқтар аға алтын ғой. Ойнап күліп жүреді. Ақыл айтатын жерде бар ақылын айтады" ,
"Бір түрлі екен бұл салмақты кісіні мұндай күйде көрген" , "Көзге үйреншіксіз болып тұр. Кішкене ерсілеу сияқты", "Тойға барсаң дұрысы билеу керек. Ағамыз мықты билеп шықты" , деп пікірді қарша боратты желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1793008-bidi-tbin-tsirgen-toktar-serikov-zelide-kyzu-talkyga-tsti-video/