Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқтар Серіковтің жұбайына арнаған жүрекжарды тілегі жұртты сүйсінтті

Опубликовано:

Тоқтар Серіков жұбайы Бейбіт Сейдуәлиеваны туған күнімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнады. Жұлдызды жұптың бір-біріне деген адал махаббаты көпшілік тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші өзіне төрт ізбасар сыйлаған сүйіктісінен айырылып қалардай қорқатынын өзінің Instagram парақшасында мойындаған.

"Сен менің ең әдемі әлемімсің, жарығым! Жарықсыз дүние бос, әрі қараңғы. Қараңғыда өмір сүру қауіпті және қорқынышты. Бар байлығым: балаларым және сен! Мен сендердің жай ғана күзетшілеріңмін.
Егер ұйықтап кетсем, сендерден айырылып қалатындай қорқам. Бақыт базарымның шырқын бұзбауға Алладан жалынып жәрдем сұраймын. Туған күніңмен алтыным", - деп жазды Тоқтар Серіков.

Желі қолданушылары да Бейбіт Сейдуәлиеваны туған күнімен құттықтап, ақ тілектерін білдірген.

"Туған күніңіз құтты болсын", "Бақытыңыз баянды болсын", "Балалардың қызығын, рахатын көріңіздер", "Қандай жүректі елжіретер сөздер", "Сүйіп қосылған жарыңыз әрдайым жаныңыздан табылсын".
"Бір-біріңіз үшін жаралған жансыздар. Бақытты болыңыздар", "Жарыңызға деген құрмет пен тілек керемет", "Салихалы, мәнді ғұмыр кешіңіздер", "Әдемі жұпсыздар. Алла Тағала бақытты ғұмыр кешіп, балалардың қызығын көруді нәсіп етсін" деп пікір білдірді желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тоқтар Серіков көп әйел алғысы келетін азаматтарға өз ақылын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1793009-toktar-serikovti-zbajyna-arnagan-zrekzardy-tilegi-zrtty-sjsintti/

pixel