Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешьюдің" бұрынғы әншісі ұлды болды

Опубликовано:

"Кешью" тобының бұрынғы мүшесі Элиза Берікқызы 3 мамыр күні ұл баланы дүниеге әкелді. Әнші instagram парақшасына "It's a boy! 03.05.19" (Бұл ұл бала) атты суретті жүктеп, оқырмандарына қуанышты хабарды жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Элиза босанған күнге дейін баланың жынысын құпия сақтап келген. Бірақ 4 мамыр күні желі қолданушыларына ұлды болғанын жеткізді.

Оқырмандары жұлдызды ана атануымен құттықтап, жылы лебіздерін жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Шын жүректен құттықтаймын", "Үлкен азамат болып өссін", "Денсаулық тілейміз", "Аман-есен бауырыңа алуыңмен", - деп жазды қолданушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1793172-kesudi-bryngy-nsisi-ldy-boldy/

pixel