Рахман Омар ұлының тұсаукесерін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)
Опубликовано:
Рахман Омар өткен жылы дүние есігін ашқан ұлы Мейрамбектің тұсаукесер тойын жасады. Ал бүлдіршіннің тұсауын әнші Мейрамбек Бесбаев кескен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің қуанышына жиналған жұлдыздар тойдағы сәттен видео мен суреттерді желідегі парақшаларында жариялаған.
Тұсаукесер тойға Тоқтар Серіков, Мейрамбек Бесбаев, Ринат Зайытов жұбайларымен келген.
Ал Рахман Омар өнердегі үзеңгілес достарына шапан жауып, құрмет көрсеткен.
Естеріңізге сала кетейік, Рахман Омар өткен жылдың мамырында екінші некедегі әйелінен ұлды болған еді.
Әртіс ұлына ырымдап Мейрамбек Бесбаевтың есімін қойған болатын. Осыдан кейін әнші кішкентай Мейрамбекті перзантханадан өзі шығарып алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1793764-rahman-omar-lyny-tsaukeserin-drkiretip-atap-tti-foto-video/