Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлықпан Жолдасовпен дуэт орындаған "Заман" тобы тыңдарманды тәнті етті

Опубликовано:

Белгілі композитор, әнші Ұлықпан Жолдасов өзі жетекшілік етіп, жарыққа шығарған "Заман" тобымен репертуарындағы танымал әнді бірге орындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлықпан Жолдасовпен дуэт орындаған "Заман" тобы тыңдарманды тәнті етті
"Заман" тобы. Фото: Instagram: Facebook

Нұр-сұлтанда өткен "Сағындырған әндер-ай" кешінің 10 жылдығында Жолдасов пен оның ізбасарлары "Неге солай" деп аталатын әнді дуэтпен шырқаған.

Концертте түсірілген видеоның үзіндісін "Заман" тобының жігіттері де, композитордың өзі де Instagram желісіндегі парақшаларына жариялаған.

Кейінірек олар аталмыш әннің аудио-нұсқасын да халыққа паш етті.

Тыңдарман қауым осыдан бірнеше жыл бұрын жарыққа шығып, құлақта қалған әнді елге қайта ұсынған Ұлықпан Жолдасов пен "Заман" тобына жылы лебіздерін арнап, жағымды пікірлерін аямады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1793946-lkpan-zoldasovpen-duet-oryndagan-zaman-toby-tydarmandy-tnti-etti/