Әткеншекте тербеліп отырған әжей жұртты күлкіге қарық қылды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде ауладағы әткеншекте тербеліп отырған қарт әжейдің видеосы тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Qazaqstanda парақшасында жарияланған бейнежазбадан ағашқа жалғанған әткеншекте отырған әжейді байқауға болады.

Ал бұл видеоны көрген желі қолданушыларының көңілдері көтерілді. Олардың кейбіреулері, тіпті, әзіл аралас пікір де жазып үлгерген.

"Апа, абайлаңызшы. Аяқтан кетіп жүрмеңіз", "Енді гүлдеген алма ағашқа обал болды", "Жарайсыз", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1793999-tkensekte-terbelip-otyrgan-zej-zrtty-klkige-karyk-kyldy/