Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әншілер мен спортшылар 6 балалы анаға пәтер сыйлады (видео)

Опубликовано:

Елімізге белгілі өнер адамдары бірігіп, Алматының орталық мешітінде 500 адамға ауызашар беріп, алты баласы бар анаға пәтердің кілтін табыс етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Айдар Шәрібаевтың парақшасынан, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Айдар Шәрібаевтың парақшасынан, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Шоу-бизнес өкілдері мен спортшылардың игілікті ісі жайлы azan.kz парақшасында жарияланды.

Қайырымдылық жасағандар қатарында "Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев, Мейрамбек Бесбаев, Ерғали Әбдірайымов, Мақсат Базарбай, Сәкен Майғазиев, Айдар Шәрібаев пен басқа да өнер жұлдыздары, споршылар бар.

Видеодан шиеттей бала-шағасы бар әйелдің қуаныштан көзіне жас алғанын байқауға болады.

Ал желі қолданушылары қасиетті айда қайырымдылық жасаған сахна саңлақтарына ризашылықтарын білдіріп, алғыс жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794047-tanymal-nsiler-men-sportsylar-birigip-6-balaly-jelge-pter-syjlady-foto-video/

pixel