Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сара Тоқтамысованың қолынан сүюге ниеттенген келіншек елді сүйсінтті (фото)

Опубликовано:

Сара Тоқтамысова айтыс соңында өзіне гүл сыйлап, артынан қолынан сүюге ниет білдірген келіншектің суретін жариялады. Желі қолданушылары айтыскер ақынға ыстық ықыласын білдірген кісіге тәнті болып, оған деген ақ тілегін жаудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сара өзіне деген ыстық ықыласын білдірген жанның суретін Instagram парақшасында жариялаған.

Бейтаныс келіншектің ізгі пейілінен шабыт алған ақын арнайы жыр шумақтарын да арнаған.

"Гүлін ұсынып тұрып, :"Сарканай қолыңнан бір сүйейінші"- деп жатыр ! Алтыным сол ! Ардақтыларым менің ! Амандықтарыңызды тілеймін!
Менің бағым- қиылмаған бұрымда
Менің тағым- қазақтың кең белінде
Менің бағым - жүректегі жырымда
Менің тағым ел-жұртымның төрінде... Дегім кеп кетті" , - деп жазған Сара Тоқтамысова.

Айтыскердің жазбасын оқыған желідегілер жағымды пікірін жарыса жазды.

"Қандай тамаша көрініс" , "Халықтың махаббатына бөленді деген осы болар" , "Не деген ізгі пейіл, ниет десеңші", "Халқының дара қызысың", "Қазақ елі сені жақсы көреді" , "Мына кісіге риза болып отырмын. Сізбен кездесуді біраз күткен сыңайлы" , - деп пікір білдірді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794111-sara-toktamysovany-kolynan-suge-niettengen-kelinsek-eldi-sjsintti-foto/

pixel