Ержан Максим мен Микелла Абрамованың дуэт айтқан видеосы тарады

Опубликовано:

Желіде "Голос.Дети" байқауының алтыншы маусымының жеңімпазы Микелла Абрамова мен екінші орын алған Ержан Максимнің бірге ән салып жатқан видеосы тарады. Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ержан Максим / Микелла Абрамова / Алсу. Скриншот: Lenta.ru / Instagram
Ержан Максим / Микелла Абрамова / Алсу. Скриншот: Lenta.ru / Instagram: Instagram

Жанжалмен аяқталған музыкалық жобаның финалистері ән салып жатқан видеоны ресейлік басылым жариялаған.

Бейнежазбадан Ержан Максим мен Микелла Абрамованың дыбыс жазу студиясында тұрғанын аңғаруға болады.

Еске сала кетейік, қазақстандық Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалына дейін сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды. Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалардың барлығы әділетсіздікке теңеді.

Сондай-ақ отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.

Ержан Максим бірінші орын алмағанына өкінбейтінін де айтқан. Жас таланат тіпті, жеңімпаз атанған Микелла Абрамовамен жақсы дос болып қалғанын жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794120-erzan-maksim-men-mikella-abramovany-duet-ajtkan-videosy-tarady/