Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызын туған күнімен ерекше құттықтаған Айқын көпшілікті тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Айқын Төлепберген қызын туған күнімен ерекше құттықтады. Әнші бірінші некесінен туған перзентіне тосын сый жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Көпбалалы әке атанған Айқын қызын құттықтаған сәтін Instagram парақшасында жариялаған.

Шоу-бизнес жұлдызы Асылымға әсем гүл шоғы мен үлкен аю ойыншығын тарту етіп, ауланы қызғылт түстес шарлармен безендірген.

Әкесінің тосын сыйы қызын қатты қуантқан. Бейнежазбадан оның шарлар арасында күліп ойнап жүргенін аңғаруға болады.

"Асылым, алтыным менің. Тәтті қызым туған күніңмен" , - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да әншінің қызына деген ыстық ықыласына тәнті болып, туған күн иесіне ақ тілегін жаудырған.

"Тәтті қыз екен расында. Анасының сұлулығын, әкесінің талантын берсін" , "Әкесінің ерке қызы. Жарайсыз, керемет тосын сый" , "Нағыз әке деп осыны айт. Әрбір туған күн, мейрамды өткізбейді" , "Ханшайымның туған күні құтты болсын", "Сізден аумайды ғой Асылым",
"Мұндай тәтті қыз туып берген анасына мың алғыс" , "Балапан болашағын жарқын болсын. Бақытты бол" , "Құттықтаймыз, тәп-тәтті өзі. Дені сау болсын" , "Айқын жарайсың, балаларына жақсы қарайды" , "Қызыңыздың өмірі ұзақ әрі бақытты болсын" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794175-kyzyn-tugan-knimen-erekse-kttyktagan-ajkyn-kpsilikti-tnti-etti-video/

pixel