Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дильназ Ахмадиеваға теріс пікір жазған азамат жауапқа тартылды

Опубликовано:

Дильназ Ахмадиеваның парақшасында теріс пікір жазған азамат ұлтаралық араздықты тудырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі, әншінің жеке парақшасынан
Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі, әншінің жеке парақшасынан: Instagram

Бұл жайында Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы полицейлері Дильназ Ахмадиеваның Instagram парақшасында теріс пікір жазған 1990 жылы туған Н. есімді азаматқа қатысты шара қолданған.

Іс барысында ер адамның бұрын да ұрлыққа қатысты істі болғаны анықталды.

"Өткен жылдың күзінде Ахмадиеваның парақшасында ер адам пікір қалдырған. Оның жазған пікірі ұлтаралық және дінаралық араздықты тудырғаны үшін сотқа жіберілді", - делінген тергеу полициясы басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, әнші өзінің көңілін қалдырған ер адамның үстінен арыз жазған соң, 174 бап бойынша іс қозғалған.

"Жедел іздестіру барысында бейбітшілік пен қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтың жеке тұлғасы анықталды.
Сот-сараптама нәтижесінде іске тартылған ер адамның жазбасынан ұйғыр халқының ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты қорлайтын сөздер көрінді. Ер адам өзінің кінәсін толық мойындап, кешірім сұрауда", - делінді ведомства мәлімдемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794444-dilnaz-ahmadievaga-teris-pikir-zazgan-azamat-zauapka-tartyldy/

pixel