"Рақмет, сүйіктім": Шоқан Маратұлы екінші рет әке атанды (фото)
Опубликовано:
"All Давай" тобының әншісі Шоқан Маратұлы желіде аяғы ауыр әйелінің суретін жариялап, жақында отбасы тағы бір мүшемен толыққанын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шоқан Маратұлы мен Анель Баталова екінші мәрте ата-ана атанды. Бұл туралы жұлдызды әке Instagram парақшасында жазып, оқырмандарына қуанышты жаңалықты жеткізді.
"Жаратқанға сансыз мадақ! Екінші мәрте әке атандым! Сыйлығыңа рақмет, сүйіктім!", - деп жазды Шоқан.
Айта кетелік, жаңа туған сәбидің жынысы әлі анықталған жоқ.
Әншінің тұңғышы Әлімхан бүгінде бір жарым жаста. Ерлі-зайыптылар 2017 жылы 26 қазан күні алғаш рет ата-ана атанған.
Жанкүйерлері жаңа туған сәбиге денсаулық пен бақытты ғұмыр тілеп, әншіні құттықтады.
"Құттықтаймын, жарайсыңдар", "Сендер үшін өте қуаныштымын", "Керемет жұп, керемет ата-ана", "Балаға денсаулық пен бақыт тілеймін. Отбасымен жолы болыпты", - деп жазды олар.
Естеріңізге сала кетейік, Шоқан Маратұлы танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың қызы Анель Баталоваға үйленген. Қос ғашықтың тойы 2017 жылы 20-мамыр күні өтті. Жас жұбайлар 2016 жылы іскерлік кездесуде танысқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794533-rakmet-sjiktim-all-davaj-tobyny-nsisi-ekinsi-ret-ke-atandy-foto/