Ержан Максимнің ата-анасына Мәскеуде жұмыс ұсынылғаны рас па?
Опубликовано:
"Голос. Дети" байқауның финалисті Ержан Максимнің ата-анасын Мәскеуге жұмысқа шақырған. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ержанның анасы Игорь Крутойдың жас әншіге өзінің Мәскеу музакадемиясында білім алуды ұсынғанын айтты.
"Біз отбасымызбен Ержан сол жерде оқиды деп шештік, себебі ол соны қалап тұр", - деді анасы.
Министрдің сөзінше, баланың оқуы кезінде отбасы Ресей астанасына көшу үшін Ержанның ата-анасына Мәскеуден жұмыс та ұсынылған.
"Оқу - өте маңызды және жауапкершілігі мол қадам. Ата-ана баласы үшін Мәскеуге көшіп келіп, біздің елшілікте жұмыс істейтін болады", - деп хабарлады мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Ол ата-ананың қандай қызмет атқаратыны әлі белгісіз екенін атап өтті.
Алайда Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің өкілі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794566-erzan-maksimni-ata-anasyna-mskeude-zmys-synylgany-ras-pa/