Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Евровидение-2019" байқауының жеңімпазы белгілі болды (видео)

Опубликовано:

Израильдің Тель-Авив қаласында өткен "Евровидение-2019" байқауы өз мәресіне жетті. Халықаралық ән байқауының бас жүлдесі нидерландық әнші Дункан Лоуренске бұйырған деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дункан Лоуренс. Фото: Michael Campanella / Getty Images
Дункан Лоуренс. Фото: Michael Campanella / Getty Images: Facebook

Байқау жеңімпазы Дункан Лоуренс 492 дауыс жинаған. Оған тәжірибелі әділқазылар мен көрермендер дауыс берген.

Екінші орынды Soldi композициясын орындаған италиялық әнші Mahmood алса, үшінші орынды ресейлік танымал әнші Сергей Лазарев иеленген.

Айта кетейік, халықаралық ән байқауында 26 елдің өкілі бағын сынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794693-evrovidenie-bajkauyny-zeimpazy-belgili-boldy-video/

pixel