Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жанар қайда?": "Кешьюдің" бұрынғы әншілері қайта бас қосты (видео)

Опубликовано:

Кешью тобында өнер көрсеткен барша әнші қыздар бас қосты. Желіде оны растайтын видеодан үзінді тарап кеткен. Өмірде аса араласа бермейтін атышулы топтың бұрынғы солистерінің бірігуі желіде қызу талқыға түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Instagram желісінде жарияланған видеодағы кадрдан Әнел Әрінова, Мөлдір Әуелбекова, Айдана Меденова, Кәмшат Жолдыбаева, Балжан Бидаш, Наиля Заитова, Ақбота Сейітмағамбет, Жұлдыз Өмірғали, Назым Әбілдина және топтың қазіргі құрамындағы аруларды байқауға болады.

Видеодан "Кешьюде" ән салған қыздардың бейнебаян түсірілімінде жүргенін аңғаруға болады. Танымал топтың қазіргі және бұрынғы мүшелері жақын арада тыңдармандарын тың туындымен таңғалдыруды мақсат етсе керек.

Айта кетерлігі, желіде тараған кадардан әнші Жанар Дұғалова байқалмады.

"Ненің құрметіне біріге қалған?" , "Тағы да атын шығармақшы" , "Жанар қайда? Көрінбейді ғой", "Жанар Дұғалова жоқ қой. Ол болмаса, қызық емес маған" , "Аяқ асты не болып қалды? Жаңа құрам тартпай жатыр ма?" , - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794831-kesudi-bryngy-nsileri-kajta-bas-kosty-video/

pixel