Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауызашарда мәнерлеп өлең оқыған Айқынның ұлына ел сүйсінді (видео)

Опубликовано:

Әнші Айқын Төлепбергеннің ұлы ауылдағы ауызашар кезінде қалың көпшілікті өлең оқу шеберлігімен тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұлының өлең жолдарын мәнерлеп оқып жатқан видеосын жұлдызды әке Instagram парақшасында жариялаған.

"Үлкен ұлым Аңсарбай ауылына барып, әкесі берген ауызашарда өлең айтты. Санжар жағаласып микрофонға таласты. Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылы" , - деп жазды Айқын.

Желі қолданушылары әншінің ұлына тәнті болып, оның өнерін жоғары бағалаған.

"Тіл көзден сақтасын отбасыңызды", "Ұлыңыз таңғалдырды. Керемет орындау" , "Аңсар жарайсың, өркенің өссің" , "Балаңның өнері өсе берсін. Аман болсын" , "Керемет, қазақи тәрбие көргені анық" , "Өте әдемі оқып шықты, маған ұнады" , - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794846-auyzasarda-mnerlep-le-okygan-ajkynny-ly-kpsilikti-tnti-etti-video/

pixel