"Ұялсаңдаршы": Қайрат Нұртас кредит туралы ән шығарған әріптестерін сынады
Опубликовано:
Қайрат Нұртас "Атың өшкір кредит" деген ән шығарған "Бақай" мен "Азия" тобын сынап тастады. Шоу-бизнес жұлдызы өнердегі достарын мақтауға тұрарлық туынды жасауға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың несие туралы ән салып, оған шулы бейнебаян түсірген әншілерді сынға алған сәті Instagram кеңістігінде тарап үлгерген.
Видеода ол кредит алмай-ақ демалып жүргенін айтты.
"Кредит алмай-ақ жүрміз ғо, демалып, қыдырып. Кредит деген не ән жігіттер? Ұялсаңдаршы кішкене. Ринат досым бол, басқа бол, бірақ шынымен кішкене мақтауға тұрарлық ән шығарсаңдаршы. Мен негізі айтпай-ақ қояйыншы деп ойлағам, бірақ" , - деді Қайрат Нұртас.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794910-alsadarsy-kajrat-nrtas-kredit-turaly-n-sygargan-riptesterin-synady/