Сатаев "Томиристің" постерін жариялады: Актерлар құрамы қызу талқыға түсті
Опубликовано:
Отандық белгілі режиссер Ақан Сатаев өзі түсірген "Томирис" атты тарихи фильмнің постерін жариялады. Аталмыш кинокартинада ойнайтын танымал актерлер құрамы жұрттың көңілінен шықпай қалған сыңайлы деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Режиссер Instagram парақшасындағы жазбасын "Томирис" кинокартинасының бірнеше кейіпкерлері" деген сөздермен толықтырған.

Алайда, Әділ Ахметов, Еркебұлан Дайыров, Мұрат Биссембин, Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген, Берік Айтжанов пен Азамат Сатыбалдыдан тұратын актерлар құрамын көпшілік қызу талқыға салды.
Желі қолданушылары Сатаевтан танымал кино жұлдыздары қайта-қайта көріне беретін болса, кастингтің не үшін ұйымдастырылғанын сұрады.
"Кастинг деген ұымды білесіз бе? Сізде Рэкетирден бері бір актерлер ойнап келеді. Шаршамады ма?", "Әрдайым сол актерлар, сізге жаңа бейнелерді, жаңа таланттарды ашу керек", "Қазақтың киноларына бір актерларды әкеліп тыға беруге ұялмайсыңдар ма?", "Біздің кинолардан жаңа бейнелерді көргіміз келеді", "Сіздің актерларыңыз өзгермейді", "Кастингті не үшін өткіздіңіз?" - деп жазды олар.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794942-sataev-tomiristi-posterin-zarialady-akterlar-kramy-kyzu-talkyga-tsti/