"Балам болса, атып тастаймын": Мұқасан Шахзадаев "Ninety One" жігіттерін сынады
Опубликовано:
"Нұр-Мұқасан" дуэті арқылы көпке танылған әнші Мұқасан Шахзадаев Хабар арнасындағы "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына берген сұқбатында атышулы "Ninety One" тобына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі әншіден 91 тобына көзқарасының қандай екенін сұраған болатын.
"Қазақтың балаларының сондай болғаны өкінішті-ақ. Менің балам болса, мен оны атып тастайтын едім. Енді мен тәрбиешісі емеспін, ата-анасы шешсін оны", - деп жауап берді Мұқасан мырза.
Сондай-ақ, Шахзадаев артынан ерген жас буынның шығармашылығына тәнті екенін де жасырған жоқ.
"Қазіргі жастардың бәрін тыңдаймын. Әрине көпшілігін тани бермеймін. Бірақ әндерін тыңдаймын. Жас буынның өнеріне бас шайқаймын",- деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795393-balam-bolsa-atyp-tastajmyn-mkasan-ninety-one-zigitterin-synady/