Достарымен ауызашардан соң ән салған Димаштың ата-анасы елді сүйсінтті

Опубликовано:

Қанат пен Светлана Айтбаева отбасылық достарына ауызашар берді. Дастарханнан тұрған құрбы-құрдастар Ақтөбе көшелерін жүріп өтіп, сауық құрды. Димаш Құдайбергеннің ата-анасының достары бірі домбырамен, бірі гитарамен, енді бірі баянмен халық композиторларының әндерін орындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Ауызашардан соң Света мен Қанат Айтбаевтардың отбасылық достары Ақтөбе көшелерінде сауық құрған.

Димаштың кей әндерінің сөзін жазған ақын Орал Байсеңгірдің жазуынша, Қанат Айтбаевтың Ақтөбеге келгенін білген достары аман-саулық сұрасып барыпты.

"Қанат пен Светлана ораза тұтқандарға ауызашар берді. Біз ән айтып, әзілдесіп, шер тарқаттық. Димаштың концертін сөз етіп...Жалпы тез жиналатын әдетіміз бар", - деді Орал-Қосай Байсеңгір.

Оның айтуынша, видео әдейілеп түсірілмеген. Сол жерде жүрген таныстары түсіріп алған екен.

"Бізге Қанекеңнің келгені де той, кеткені де той", - деп әзілдеді ақын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795410-dostarymen-auyzasardan-so-n-salgan-dimasty-ata-anasy-eldi-sjsintti/