Тойда шашын лақтырып билеген отандық әнші елдің көңілін көтерді

Опубликовано:

Тойда басын шайқап, шашымен билеген әнші Әділ Сламхан қызу талқыға түсті. Жұбайы Дана Маханбаева Instagram парақшасына салған видеода отандық әншінің шашын лақтырып тұрып ән салғаны бейнеленген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына тойда түсірілген видеомен бөлісті. Кадрда жұбайы Әділ Сламхан ән салып, басын айналдыра билеген.

"Осылай шашпен билей алуда өнер ғой, келісесіздерма ? Бұлай билеу оңай емес, қатты сөкпеңіздер. Әдекең Мадина әпкенің қуанышында қызық болсын деп билегені ғой! ", - деп видео астында жазба қалдырды әнші.

Жұлдызды жұптың жанкүйерлері видео астында түрлі пікірлер жазып, бірі Сламханның әрекетін "ерсі" деп таныса, енді бірі оны қолдай жөнелген.

"Ерсі көрінеді екен", "Әділ мырза еркекке тән қылық жасасыншы, соңғы күндері ерсі қылықтары көп болып кетті", "Ер адамға жараспайды", "Молодец, өзіңе күшті жарасады", "Әдекең мықты, сіз шошып кеткен сияқтысыз ғой", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795680-tojda-sasyn-laktyryp-bilegen-otandyk-nsi-eldi-kilin-kterdi/