Әуежайдағы жанжал: Мұрат Құсайынов сот шешіміне қатысты пікір білдірді
Опубликовано:
Әйгілі "Дос-Мұқасан" тобының мүшесі Мұрат Құсайынов әуежайдағы жанжалға байланысты соттың шығарған шешіміне пікір білдірді деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сот Мұрат Құсайыновты тек дөрекі сөйлегені үшін кінәлі деп таныды. Оған қоса, "Эйр Астана" баспасөз қызметі әртістің бортсерікті ұрып жібергенін айтқан. Ал Құсайынов аяқ киім мен белдікті шешуге ғана наразылық білдіргенін айтып, ақпаратты жоққа шығарды.
Сот шешімі жақында ғана белгілі болды. Үкімге сәйкес, әнші Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында шығарған жанжалы үшін 12 мың теңге айыппұл төлеуі керек.
Аталған шешімге пікір білдірген Мұрат Құсайынов мұнымен іске нүкте қойылмағанын атап өтті.
"Мен әзірше біреуді айыптап немесе ақтала алмаймын. Іс аяқталған соң барлығын айтамын", - деп мәлімдеді ол.
Сондай-ақ, әртіс іс танымал тұлғаларға қатысты болса, барлығына тек жария болып кететінін алға тартты.
"Мұндай істер әкімшілік сотта жиі әрі көп қозғалады. Бірақ, мен танымал тұлға болғандықтан жұртқа тарап кетті", - дейді Құсайынов.
Аталған материалды көшіріп, басу және пайдалану тек ЖШС "Время басылымының" рұқсатымен ғана жүзеге асады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1796297-uezajdagy-zanzal-dos-mkasan-msesi-sot-sesimine-katysty-pikir-bildirdi/