"Ямахамен аштық": Нұрлан Еспанов Шымкентте ерекше беташар өткізген

Опубликовано:

Нұрлан Еспанов осыдан бірнеше жыл бұрын Шымкентте ерекше беташар рәсімін өткізген. Алайда әнші осыдан кейін бұл істі қайта қолға алмаған. Әнші беташарды орындаудың да өзгешелігі болу керектігін айтты деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өзінің бет ашпайтынын айтқан әнші бұлай істеуіне бірнеше себеп бар екенін жеткізді.

"Мысалы беташарға танымал азамат келсе, ол табақты алып кетуі керек негізі. Ал мен тойдың иесіне үнемі "Табақты бет ашқан азамат алып кетеді. Болмаса мен бет ашатын адамды алып келмеймін" деп айтамын.

Мен беташарға алып келетін азаматтар өнерде тұлға болып қалыптасқандар. Сол себепті мен олардың да көңіл-күйлеріне қараймын. Олардың ақшасына ешкім кіріспеуі керек, ол бет ашқан серінің ақшасы.

Ал қазір беташарға шақырып алып, жиналған ақшаны алып қалатындар көбейіп кетті. Соны мен түсінбеймін. Жалпы сол табаққа қанша түссе де, ашқан адамдыкі", - деді Нұрлан Еспанов.

Сондай-ақ, әнші Шымкентте ямахамен бет ашқан күндерін еске алды.

"Шымқалада жүргенде ямахамен бет аштық. Сол себепті ямахамен бір-екі рет беташар өткізіп көрдім. Болмаған соң, қойдық қой", - дейді өнер иесі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрлан Еспанов өзінің жаңа әніне жарнама жасамаған әріптестеріне өкпесін жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1796581-amahamen-astyk-nrlan-espanov-symkentte-erekse-betasar-tkizgen/